Жат ағымдардың арбауына көп жағдайда пиғылы мен ойлау жүйесі теріс, сауаты төмен, түсінігі таяз адамдар түседі. Бұл теріс пиғылды қой терісін жамылған жамағаттың көсемдері қазіргі күні көше кезіп табанын тоздырмай-ақ, интернет арқылы бүкіл кеңістікке сөздерін жеткізіп отыр. Осылай деген Алматы қаласы дін басқармасының өкілі радикалды діни ағымдардың үгіт-насихаттарын қалай жүргізетіні және олардан қалай сақтану керектігін айтты.
Радикалды діни ағымдардың арбауына қандай адамдар тез түсіп қалады?
“Нұр-Мүбәрәк” Египет ислам мәдениеті университетінің жанындағы “Діни экстремизммен күрес” орталығының директоры, теолог Тимур Нүсіпбеков жастарымыздың жат ағымдардың құрамына кетуінің себептері көп екенін айтады. Сөзінше, діни білімсіздік, дұрыс діни ақпараттың болмауы, діни ілімді сенімді қайнарлардан үйренбеу сынды маңызды қоғамдық-теологиялық факторлармен қатар, жеке бастың факторы, әлеуметтік жағдайлар да әсер етуі мүмкін.
“Жат ағым бактерия, вирус сияқты. Қай жерде әлсіздік болса, қай жерде сақтану, алдын алу шарасы болмаса, сол жерде өркен жаяды. Сондықтан да, әрбір азамат өзі дұрыс діни ақпараттармен өзінің имани иммунитетін күшейтіп, өзіне рухани сүзгі қалыптастырса, дінді сенімді қайнарлардан үйреніп, дұрыс ақпараттармен сусындаса, одан сақтануға болады”, - деп түсіндірді ол.
Мақаланың жалғасын мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://stan.kz/namaz-okimaytindarga-uylenuge-bolmaydi-dep-sendiredi-di-369625/