Еліміздің әрбір азаматы діни еркіндікке ие. Бұл қазақстандықтар өз таңдауы бойынша діни қауымдастықтарға қосылып, ешкімнің рұқсатынсыз діни жоралғыларды орындай алады деген сөз. Дегенмен күштеп әйелдерге хиджаб кигізу сынды оқиғалар жайлы да естіп жатамыз. Мұндай жағдайға тап болғандар не істей алады? Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының өкілдері мен заңгер айтып берді.
Самал (есімі өзгертілген – ред.) тұрмысқа шыққан кезде күйеуінің өте жақсы адам болғанын айтады. Алайда уақыт өте келе ол өзге діни ағым өкілдеріне ілесіп, мүлде басқа жанға айналған.
“Адамның осыншалық өзгеретініне сенбейтін едім, алайда көзім жетті. Жұбайым теріс ағымға ілесіп, мені хиджаб киюге мәжбүрлей бастады. Балаларымызға ораза ұстауға талап қойып, бәрімізге дұға оқытты. Бізге өзінің сенімдерін насихаттап, түрлі видеолар көрсетті”, – деді Самал.
Күйеуінің қысымына түскен әйел онымен ажырасуға мәжбүр болған. Алайда бөлек кетсе де азамат бұрынғы жарын әлі күнге дейін мазалайтын көрінеді. Тіпті мас күйінде балаларын көруге келіп, олардың дінге бет бұрмағанын көріп ренішін білдіреді екен.
Мақаланы толық сілтемеден оқуға болады: https://stan.kz/balalarimnin-bolashagi-ushin-azhirasip-kettim-zholdasi-370631/
29.09.2022
Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз
Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.
Серіктестер
Алматы қаласының әкімдігі
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты