Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Интерактивті діни карта. Қазақстандағы дінге қатысты пайдалы ақпаратты қайдан табуға болады?

Платформаның мақсаты мен құрылымы

Religionmap.kz платформасы - дін саласындағы барлық қажетті ақпаратты қамтитын толыққанды ресурс. Ол Алматы қаласындағы діни нысандардың қызметі туралы, Қазақстандағы дінге қатысты барлық пайдалы ақпараттарды ұсынады. Алматы қаласының Дін істері басқармасы аталған сервисті Қазақстандағы діни конфессиялар мен діни сенім бостандығы турасында нақты ақпарат беру мақсатында іске қосқан.

Сайттан әрбір қолданушы төмендегі айдарлардан өзіне керегін таба алады:

  • Нормативтік құқықтық актілер
  • Дін және қоғам
  • Анықтамалық ақпарат
  • Жаңалықтар
  • Бейнетаспа

Осы айдарлар арқылы қолданушылар Алматыдағы ғана емес, бүкіл Қазақстандағы діни саланың дамуы жайлы ақпарат ала алады. Мысалы, "Нормативтік құқықтық актілер" бетінде діни бірлестіктердің қызметін реттейтін және конфессияаралық келісімді сақтауға бағытталған барлық заңдар мен ресми құжаттар қамтылған.

Ал жылдам ақпарат алу немесе белгілі бір мәселені тез арада шешу үшін мұнда виртуалды көмекші жұмыс істейді. Төменгі оң жақ бұрышта тұрған терезе арқылы оған сұрақ қоюға болады. Осылайша кез келген адам платформа көмегімен толғандырған сұрақтарына жауап таба алады.

"Анықтамалық ақпарат" айдарында құзырлы органдардың тізімін табуға болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті, Алматы қаласы Дін істері басқармасы, Алматы қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығы, Дін істер жөніндегі басқармасының Кеңес және оңалту орталығы және т.б. бұл тізімнен табылады.

Ал қаладағы діни ахуалдың жағдайын бақылайтындар үшін "Жаңалықтар" және "Бейнетаспа" айдарлары облыстық, республикалық деңгейдегі өзекті оқиғалар туралы хабарлайды.

Интерактивті діни карта 

Интерактивті діни карта - қаланың діни ахуалына бақылауды оңтайландыруға, сондай-ақ тұрғындардың өздерін осы процесске тартуға бағытталған бірегей жоба. Мұнда құрылымдық деректер қорын табуға болады, мерзімді жаңартулар мен түзетулер де жасалып тұрады.

Алматыдағы қажетті діни нысандарды оңай табуға мүмкіндік беретін интерактивті діни карта арқылы қолданушы мекемелердің нақты мекенжайын, қосымша фото-видеоматериалдарды таба алады. Ол үшін пайдаланушы конфессия түрін, нысан түрін және керекті ауданды cайттан таңдауы қажет.

Атап өтерлігі, ресурс арқылы тұрғындар дінді заңсыз уағыздайтын күдікті тұлғалар туралы хабарлай алады. Сондай-ақ, дәстүрлі емес ағым өкілдері жиі кездесетін, рұқсатсыз жұмыс істейтін орындарды, соның ішінде ғибадатханадан тыс сыйыну бөлмелері туралы ақпаратты білуге болады.

Карта арқылы тұрғындар тек мешіттер мен шіркеулер ғана емес, сонымен қатар храмдар, намазханалар, сондай-ақ ресми рұқсат етілген діни әдебиеттер мен діни заттарды сатып алуға болатын орындарды таба аласыз. Осылайша бұл карта қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жасалған.

Қазақстандықтарға ресурс несімен пайдалы болады?

Не үшін азаматтар бұл сервиске жүгінуі керек деген сұрақ туындайтыны заңды. Мәселен, бүгінде Алматыда дін ұстанатын халықтың тұрақты өсу үрдісі байқалады. Қалалық сенушілердің негізгі бөлігін мұсылмандар мен православтық христиандар құрайды.

Мегаполисте 17 конфессияны таныстыратын 188 тіркелген діни бірлестіктер қызмет етеді. Ал республика бойынша 18 конфессия бар. Еліміздегі конфессиялардың 95%-ы өз діни қызметтерін Алматы аумағында атқарады. Ресурс осы бірлестіктер туралы ақпаратты, миссионерлердің қызмет саласы туралы толыққанды ақпаратты ұсынады. 

Пайдаланушылар тек діни мекеменің қай жерде орналасқанын біліп қана қоймай, сол мекеменің жанында қандай жастарға арналған не болмаса мәдени, білім беру ұйымдары жұмыс істейтіні туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

Бұл жоба - барлық қажетті, сенімді ақпараттардың үлкен қорын қамтитын мамандандырылған электронды портал. Ресурс өз кезегінде мемлекеттік органдардың халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға байланысты түрлі алдын алу іс-шараларды бірлесіп жүргізуіне мүмкіндік береді. 

Яғни, бұл карта, бүгінгі таңда конфессияаралық қатынастар саласында орын алып отырған сын-қатерлерге төтеп берудің бір жолы.

Қосымша қандай ақпараттар табуға болады?

Бұдан бөлек платформаға тіркелген пайдаланушылар үшін пайдалы мүмкіндік қарастырылған. Олар діни жоралар мен рәсімдер орындалатын, миссионерлер қызмет ететін, діни әдебиеттер мен діни заттар сатылатын жаңа орындар анықталған жағдайда хабардар етілу мақсатында сайтта өтініш қалдыра алады.

Электронды ресурс азаматтарды тіркелмеген және деструктивті діни ағымдар қызметіне еніп кетуден айтарлықтай қорғайды деуге болады. Мұнда заңды түрде жұмыс істейтін діни бірлестіктер, ғибадат орындары мен миссионерлер туралы мүмкіндігінше хабардар етіледі. 

Діни картаның артықшылықтары

Интерактивті діни картаның басқа да артықшылықтары бар. Соның ішінде ресурс мемлекеттік органдар арасындағы байланыс үдерісін жеделдетуге, дін туралы заңнаманың бұзылуына жедел әрекет етуге ықпал етеді.

Бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін де бұл ресурс тиімді. Мұнда тәулік бойы қолжетімді бірыңғай және жаңартылған деректер базасына қол жеткізуге болады. Осы арқылы мемлекеттік органдар арасындағы байланыс процестері жедел өтеді және нәтижесінде орын алуы мүмкін дін саласындағы заңнаманы бұзу сияқты мәселелерді алдын алады.

Мемлекеттік органдар енді әртүрлі ақпараттық базаларды қолданып, уақыт жұмсамайды. Себебі дін тақырыбындағы кез келген жаңа ақпарат қол созым жерде және тәулік бойы қолжетімді. 

Ресурс үнемі жаңартылып, өзгерістер енгізіліп отырады, сонымен қатар барлық бөлімдер мен айдарларда пайдаланушылар өз пікірлерін, тілектері мен ұсыныстарын білдіре алатынын айта кеткен жөн. Ал азаматтар қолайлығы үшін iOS, Android платформаларында интерактивті діни картаның арнайы мобильді қосымшасы да әзірленді. Осылайша технологиялар қарыштап дамыған заманда мұндай заманауи шешімдер қарапайым халықтың өмірін жеңілдетені анық.

03.11.2022

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер