Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Ұтыс қоры - 500 мың теңге: "Менің отаным – зайырлы Қазақстан" әлеуметтік желідегі жастар арасындағы эссе байқауы мәресіне жетті

Жақында Алматы жастары арасында "Менің отаным – зайырлы Қазақстан" тақырыбына эссе дайындау бойынша шығармашылық байқау өтті. Шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы қолдап, "Адам және қоғам" қоғамдық ұйымының ұйымдастырған еді. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алып қана қоймай, бағалы сыйлық иесі атанды.

Байқаудың басты талабы бойынша қатысушылар әлеуметтік желілердегі өз парақшасында қазақ немесе орыс тілдерінде эссе жазып, пост жариялау және тақырыптық слайд әзірлеу керек болатын.

Пост жарияланған соң қатысушылар арнайы хэштегтерді қойып, Дін істері жөніндегі басқармасының парақшасын белгілеу керек болған. Яғни, байқау шарттары қиын болған жоқ. Ең бастысы қатысушыларға зайырлы Қазақстан тұрғыны ретінде өз пікірі мен көзқарасын нақты әрі сенімді жеткізу, тақырыптың мәнін ашу қажет еді. Байқауға Алматының  16-29 жас аралығындағы жастары қатысуға мүмкіндік алды.

Нәтижесінде байқауға қатысып, өзгелерден озық болғандар жүлделі сыйлықтарға ие болды. Жалпы ұтыс қоры - 500 мың теңгені құрапты.

10 қарашада "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.

Аталған байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат - қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету, жастарды Отанды сүюге, елiмiздiң рәмiздерiн қастерлеуге, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жастар арасында насихаттау.

Шығармашылық және цифрлық қабілеттерін сынауға әрі шыңдауға себеп болған байқау жастарға ары қарай да осы бағытта белсенді болуға шабыт пен құлшыныс бергендей. Сондықтан мұндай байқаулар Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылмақ.

"Зайырлылық құндылықтарды насихаттауға, толеранттылықты дамытуға және деструктивті діни ағым идеологиясының алдын алуға бағытталған мұндай байқаулар Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан жалпы халықтың діндар бөлігі мен жастар арасында көптеп ұйымдастырылуда және алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады", - деді Басқармада.

11.11.2022

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер