Қазақстан сияқты өзін зайырлы мемлекет деп жариялаған елдерде дін мемлекеттен заң арқылы ажыратылады. Бұл дегеніміз кез келген азамат өз еркінше діни ұстанымын таңдай алады деген сөз. Алайда діни негіздегі экстремизм мен терроризм туралы естіген боларсыз. Демек терроризм мен экстремизмнің дінге қандай қатысы бар деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабын материалдан оқыңыз.
Көбіне терроризм мен экстремизмге деструктивті діни ағым қалқан болады. Алайда олардың дәстүрлі діндерге ешқандай қатысы жоқ.
Деструктивті ағымдар “діни” деген атауды жамылып алып, әскери ізбасарлар қатарына адам тартумен, ғаламтор, такси, хабарлама сияқты қолжетімді каналдарды пайдаланып, адамның рухани және материалдық құндылығын жойып, ұйымның құндылығын бойына сіңіруге тырысады. Осылайша олар адамды өздеріне барынша тәуелді етеді.
Одан бөлек: адамның санасына жаудың ұлттық және діни негізде образын сіңіру, ұйымның жаңа мүшесі жетекшісінің әр бұйрығын өз еркімен және ешбір қарсылықсыз орындауға көндіру, осылайша ізбасарлар әскері құрылып, оларды террористік ұйымдардың әскеріне айналдыру жұмыстары жүргізіледі.
Ал жалған діни сабақтар мұндай ұйымдардың жоспарын жүзеге асыру құралына ғана айналады. Мәселен, 2016 жылдың жазында Алматы мен Ақтөбеде болған террактілерді еске түсірейік. Террактілерді осындай экстремистік топтардың өкілдері ұйымдастырған еді. Нәтижесінде еш жазықсыз азаматтар зардап шекті.
Экстремизмнің құрбанына айналып, жақындарың мен өз өміріңді қатерге тікпес үшін есте сақтау қажет нәрселер мыналар:
ҚР аумағында адамның жынысы мен діні, ұлты, сеніміне қатысты қорлауға, жау болуға, қатігездік танытуға тыйым салынады.
ҚР шекарасында экстремистік деп танылған БАҚ, интернет порталдарды көше және өзгеде ғимараттарда таратуға, насихаттауға тыйым салынған.
Мемлекеттің өміршеңдігі мен жұмысына зардабын тигізетін әрекеттерді насихаттау және орындауға шақыруға тыйым салынған.
Осы әрекеттер үшін ҚР заңнамасында тиісті Қылмыстық және әкімшілік кодекске сай жаза қарастырылған. Сондықтан әлдебір жетекшінің сөзіне иланбас бұрын немесе әлеуметтік желіде далада насихат жүргізбес бұрын әрекетіңіз үшін жауапқа тартылуға болатынын ұмытпаңыз.
Жаугершілік пен жеккөрушілікті нығайтып, адамдарды жақсы не жаман деп бөліп, соңында түрмеде отыру үшін өміріңізді сарп етпеңіз. Діни сенім, нәсіл, ұлттық және әлеуметтік статусқа қарамастан бәріміз ең алдымен адам екенімізді ұмытпауымыз керек.