Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Имамдар жемқорлықпен күрес мәселесін талқылады

Ағымдағы жылғы 12 желтоқсанда Алматы Орталық мешітінде мемлекеттік орган өкілдері мен имамдардың қоғамдағы жемқорлық мәселесіне қатысты кездесу өтті.

Мазмұнды жиынға  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі және әдеп жөніндегі өкілі Мамай Ахетов, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке, сондай-ақ қаланың бас имамы Төлеби Оспан мен өзге де діни қызметкерлер қатысты.

Кездесу барысында уәкілетті орган өкілі сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғам тарапынан да белсенділік болу керек екенін және бұл жұмыста мешіт имамдарының рөлі маңызды екенін атап өтті.

Шараға қатысушы дін қызметкерлері бұл бағытта жұмыстың сапасын арттыру үшін өз ұсыныстарын айтып, имамдардың дінде қошталмайтынын және қоғамға орасан зор зиян тигізетін індетпен күресте әрдайым қолдау көрсетіндерін жеткізді

 

 

 

12.12.2022

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер