Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

3D-принтермен басып шығарылған тұңғыш мешіт

Дубайда 3D-принтермен басып шығарылған тұңғыш мешіт пайда болмақ. БАӘ премьер-министрі Мұхаммед бин Рашидтің бастамамсымен жүзеге асатын жоба 2025 жылы аяқталып, Алланың үйі келушілерге есігін айқара ашады деп күтіулде. Мешіттің аумағы 2000 шаршы метр болады. Ол жерде бір уақытта 600 адамға дейін құлшылық қыла алады. Жоғары технологиялық принтермен мешіттің детальдарын басып шығару биыл қазан айында басталмақ. Алдағы жылы 3 оператордың басқаруындағы роботтандырылған 3D-принтермен мешіттің құрылыс материалдары басылады. Құрылғы сағатына 2 шаршы метрдің құрылыс материалдарын басып шығара алады.

Kazislam.kz 

16.01.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер