Нигерияда бұзақы топтың құрамында заңға қайшы іс-әрекеттері үшін ұсталған жас жігітке өте ерекше үкім шығарылды. 28 жастағы Анас бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотқа тартылған еді. Ол өзінің ұрылар тобына қосылып, құқыққа қайшы іс жасағанын мойындады. Сот төрағасы Самин Сүлеймен оған түзелуге бір мүмкіндік беруді дұрыс деп тауып, түрмеге қамамай, оның орнына қоғамдық жұмыстарға салу туралы үкім шығарды. Дегенмен, бұл өте айрықша үкім болды: Анас өзінің туған ауылы Зуба елді мекеніндегі жергілікті мешітті 6 ай бойы тазалап тұрмақ. Бәлкім, сот төрағасының ойынша, мешіттегі уағыз-насихатты тыңдаған жас жігіт теріс ойларынан қайтар деген шығар. Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын осы сот төрағасы көршісінің банк шотынан ақша ұрлаған жігітті де жақын маңдағы полиция бөлімін 6 ай бойы тазалау жазасына кескен болатын.
Дереккөз: https://kazislam.kz/nigeriya-urygha-meshitti-tazalau-zhazasy-taghajyndaldy/