Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматыдағы пансионатта балаларды намаз оқуға мәжбүрлеп, күш көрсеткен

Алматыдағы пансионат атын жамылған қайырымдылық мекемелерінде кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соғып, жазалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы полиция департаменті балалар интернат үйінің атын жамылған қайырымдылық мекемелерінің кәмелетке толмағанды ​​өз-өзіне қол жұмсауға және басқа да қылмыстарға итермеледі деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр.

Бұл пансионаттарда тұратын кәмелетке толмағандар жүйелі түрде діни жоралар мен ұжымдық намаздарға тартылған. Қарсы шыққан балаларға тамақ пен су бермей жазалаған. Тіпті физикалық зорлық-зомбылық көрсетілген", – делінген хабарламада.

Пансионаттарда тінту кезінде шетелдік діни әдебиеттер мен оқу құралдары, соның ішінде Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдар табылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, тергеу мүддесі үшін іс бойынша басқа мәліметтер жарияланбайды.

25.01.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер