Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

"Керемет көрініс": Желіде екі қазақ қызы кездескен тарихи финалдың видеосы пайда болды

Португалия өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнінде ерекше жағдай орын алды. Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта екі қазақ қызы финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Тарихи финалдың видеосын Қазспорт арнасы Youtube желісіндегі парақшасында жариялады. Видеодан күрестің соңында Ғалия Тынбаева мен Абиба Әбужақынованың бір-біріне ерекше құрмет көрсеткенін байқауға болады. Желіде пікір білдіргендердің басым бөлігі екі қазақ қызын финалға шығуымен құттықтаған. "Екеуінде құттықтаймыз", "Екі қазақ қызы финалда. Керемет көрініс", "Олимпиада шығын бағындыруды нәсіп қылсын", "Қазақтың қос батыр қызы", "Екеуіне де толағай табыс тілеймін", "Бұндай бақыт түске де кірмеген", "Тарихи сәт", "Екі аруымызды да мақтан етеміз", "Екеуі де біз үшін жеңімпаз", "Осы қарқыннан қайтпаңдар", - деді олар. Еске сала кетейік, кеше жастар арасындағы Азия чемпионы Ғалия Тынбаева мен ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Әбужақынова Гран-при турнирінің алтын жүлдесін сарапқа салды. Тартысты белдесу нәтижесінде жартылай жеңіс ұпайымен Абиба жеңіске жетті. Ғаля Тынбаева күміс медаль иегері атанды. Айта кетейік, гран-при турнирлері тарихында екі қазақ қызының бір салмақта финалға шығуы бұрын-соңды кездеспеген. 

 


https://kaz.nur.kz/sport/2007153-keremet-korinis-zelide-eki-qazaq-qyzy-kezdesken-tarixi-finaldyn-videosy-paida-boldy/
 

30.01.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер