Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Түркия: Құран өртегіш радикалдарға қарсы іс қозғалды

Түркияның Бас прокуратурасы жуырда Швеция, Дания және Голландияда болған Құран өртеу оқиғаларына қатысты тергеу амалдарын бастады. Атап айтқанда, 21 қаңтарда Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында және 27 қаңтарда Копенгагендегі Түркия елшілігі мен мешіт жанында қасиетті Кітапты қорлаған “Қатаң курс” партиясының көшбасшысы Расмус Палуданға қатысты тексеріс басталғанын хабарланды. Сонымен қатар, Түркия Гаага қаласында Құран парақтарын өртеген Pegida оң радикалды қозғалысының көшбасшысы Эдвин Вагенсвельдке қатысты да тергеуді бастамақ. Түркияның Бас Прокуратурасы діни құндылықтарды қорлаған адамдар 6 айдан 1 жылға дейін, ал ұлтараздық кемсітушілік жасағандар 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын атап өтті.

Kazislam.kz

02.02.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер