Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Лондондағы тұңғыш мешітті кім тұрғызды?

Лондон – көп халықтардың мәдениеттері тоғысқан қала. Қазіргі күні халқының 15% ислам дінін ұстанады. Ең алғаш рет ағылшын жеріне мұсылмандар 260 жыл бұрын келе бастаған көрінеді. Сол уақытта Кью-Гарденс қаласында тұңғыш мешіт бой көтерген. Бұл туралы MyLondon сайты жазды. Бір қызығы, мешітті мұсылмандар емес, шотланд-швед сәулетшісі Уильям Чемберс тұрғызыпты. Оған дейін мұсылман саудагерлері мен дипломаттары бұл елге жиі келіп жүргенімен, Лондонда тұрақтап қала алмаған көрінеді. Мешіттің кейінгі тағдыры қалай болғаны белгісіз. Белгілісі – 24 жылдан кейін ол жерде мешіт болған жоқ. Яғни бір себеппен құлатылған. Ал қазіргі күні оның орнында “Жапон қақпалары” тұр. Лондондағы алғашқы мешіт туралы мәлімет тым жұтаң. Жуырда ол туралы Channel 4 журналисі Фатима Манжи өзінің 2021 жылы жазған “Жасырын мұра: Британияның Шығысқа деген жоғалған махаббатын қайта ашу” атты кітабында айтты. Ол Кью-Гарденстегі мешітті қалпына келтіру керек дейді. Айта кетсек, Ұлыбритания мұсылмандары аталған мешіттен кейін 128 жыл өткесін ғана Уокингтен алғашқы құлшылық үйлерін ашты.




https://kazislam.kz/londondaghy-tungghysh-meshitti-kim-turghyzdy/
 

06.02.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер