Онлайн форматта өткен отырыстың жұмысына ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов пен АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық діни бостандық жөніндегі арнайы елшісінің орынбасары Карсон Релиц Рокер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, АҚШ Мемлекеттік департаментінің, АҚШ-тың Халықаралық діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясының өкілдері және дін саласындағы сарапшылар қатысты. Отырыс барысында халықаралық діни сенім бостандығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша өзара тәжірибе алмасу, бірлесіп өткізілген және жоспарланған іс-шаралар талқыланды. АҚШ делегациясы Қазақстанның адам құқықтары мен діни сенім бостандығы саласындағы жетістіктеріне оң баға беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасып, одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
https://kazislam.kz/qazaqstandaghy-dini-senim-bostandyghy-talqylandy/