Пәкістанның шығысында Белуджистан провинциясында теракт салдарынан тоғыз полиция қызметкері қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап. Жергілікті биліктің мәліметінше, жанкешті лаңкес дүйсенбі күні көпірде тәртіп сақшылары мінген көлікке шабуылдаған. Каччи ауданының бас полицейі Мехмуд Нотезайдың мәлімдеуінше, полицейлер мінген көлікке Сиби ауданында шабуыл жасаған. «Болжам бойынша, оны жанкешті лаңкес жасады», – деді ол. Бұл шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ. Жарақат алған офицерлер арасында үшеуі ауыр халде жатыр. Пәкістандағы аумағы бойынша ең ірі провинциялардың бірі саналатын Белуджистан бірнеше ондаған жыл бойы сепаратистердің ықпалында. Олар елден тәуілсіздік талап етуде. Дүйсенбі күнгі жарылыс бірнеше айдың ішінде Пәкістан тәртіп сақшыларына жасалған үшінші ірі шабуыл. Айта кетейік, соңғы уақытта елдегі лаңкестік әрекеттер саны күн сайын артып келеді. Әсіресе, Хайбер-Пахтунхва мен Белуджистан провинцияларында.
Пәкістанда ірі теракт: 9 полицей қаза тапты, ондаған адам жараланды | Қазақстандағы Ислам