Ингушетия басшысы Махмуд-Әли Калиматов Рамазан айында мұсылмандарға ораза ұстау жеңіл болу үшін мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мекемелерге, кәсіпорындар мен басқа да ұйымдарға жұмыс уақытын бір сағатқа қысқарту туралы ұсыныс білдірген жарлыққа қол қойды.
Тиісті мекемелер басшыларына осы айда электр энегриясын, газ бен суды, байланыс қызметін үзіліссіз беруді тапсырды. Ал азық-түлік дүкендеріне сағат кешкі 23:00-ден ерте жабылмау және бағаны көтермеу жайында бұйрық берілді.
Бұдан бөлек, республика басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне “Кавказ” федералды күре жолы бойындағы мешіттерде транзиттік көлік жүргізушілері мен жолаушылары үшін ауызашарлар ұйымдастыруды тапсырды.
Ингушетия: Рамазанда жұмыс уақыты қысқарады - Қазақстандағы Ислам (kazislam.kz)