Нью-Йорк билігі екінші жыл қатарынан Таймс-скверде тарауық намазын өткізуге рұқсат берді. Қаланың мыңдаған мұсылман тұрғындары Рамазан айындағы айрықша намазды оқу үшін әйгілі алаңға жиналуда. Құптан және тарауық намаздарын Құран қарилары Файсал Латиф пен Фарадж Хасан өткізіп жатыр. Олардың әуезді дауыстары түн жарымына дейін Манхэттеннің әр бұрышына таралуда. Кеше намаз арасында жамағат алдында белгілі мұсылман қайраткерлері мен блогерлер сөз сөйледі. Олардың ішінде Мұхаммед Абдул-Алим (HoopFinesse) мен Фадума Мухамед те бар. “Қаланың ең адам көп жүретін жерлерінің бірінде тарауық намазының өткені керемет жағдай. Бұл дәстүр жыл сайын жалғасып отырады деп сенемін”, – дейді Таймс-Скверге келген мұсылмандардың бірі Далия Тарик.
АҚШ: Таймс-скверде тарауық намазы оқылып жатыр - Қазақстандағы Ислам