Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы қала аумағындағы мешіт жамағаттары арасында төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы ақпараттық материалдарды таратты.
Атап айтқанда, 2023 жылғы 26-31 наурыз аралығында қала аумағында орналасқан «Төле би», «Омар ибн әл-Хаттаб», «Алматы Орталық мешіті», «Рахат», «Көк қайнар», «Әскер ата», «Қарасай батыр», «Әбу Бәкір», «Әли Мұхаммед», «Вайнах», «Абай» және «Ақсай» мешіттерінің аумағында намазға келген жамағаттарына Алматы қаласы Төтенше жағдай бойынша департаменті әзірлеген «Табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдай қаупі мен туындау кезіндегі іс-қимыл» тақырыбындағы 1500 дана ақпараттық брошюралар таратылды.