Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматыда журналистер мен блогерлерге арналған байқау басталды

2023 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында «JASTAR» дамыту орталығы»  жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, әлеуметтік роликтер және т.б.) дайындау байқауы» бойынша баспасөз конференциясы өтті.
 
Конференция барысында Басқарма өкілі байқауды ұйымдастырудағы мақсат-міндеттері, байқау шарттары мен ережесі туралы ақпарат беріп өтті.
 
Ережеге сәйкес байқау 4 номинация бойынша өткізіледі. Жалпы жүлде қоры – 1 350 000 теңгені құрайды.
Өз кезегінде, байқауға 18 жастан жоғары Алматы қаласының барлық тұрғындары қатыса алады.
 
Байқауға қатысу үшін қатысушылар өз жұмыстарын және өздері туралы ақпаратты almaty.baiqau.2023@gmail.com электронды мекенжайға ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жолдай алады. 
 
Байқау талаптары туралы толық ақпарат Басқарманың ресми сайтында жарияланған.
 
05.04.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер