2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 "Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне " сәйкес, 2022 жылдың 1-тоқсанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Атап айтқанда:
- "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызметі бойынша 5 қызмет, оның ішінде қағаз түрінде 3 қызмет, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде 2 қызмет.
- "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызметі бойынша 1 қызмет мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде және 1 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде көрсетілді. 1 қызмет бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды.