2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 "Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне" сәйкес, 2023 жылдың 1-тоқсанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Атап айтқанда:
- "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызметі бойынша 28 қызмет, оның ішінде қағаз түрінде 26 қызмет, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде 2 қызмет.
- "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызметі бойынша 1 қызмет мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде көрсетілді.