Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Елдің оңтүстігінде шетелдік азамат теракт жасамақ болған – ҰҚК

Ағымдағы жыл басынан бері ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шет елдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террористік актінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, астанада радикалды діни ағымның тобы бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды, – делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді.

Дереккөз: kazislam.kz

23.04.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер