Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматы қаласы діни бірлестіктерінің өкілдері Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті.

2023 жылғы 3 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қаланың діни конфессиялары өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Шараға Алматы қаласында тіркелген діни бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Діни бірлестіктер көшбасшылары этносаралық және конфессияаралық келісімді, толеранттылық пен өзара сыйластық қағидаттарын одан әрі нығайтудың, қоғамдық келісімді нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы  Нұрлан Қиқымов: «Біздің еліміз үшін басты басымдықтардың бірі конфессияаралық және ұлтаралық келісім мен халық бірлігін сақтау болып қала береді. Қала әкімдігі өз кезегінде қоғамдағы конфессияаралық келісімді сақтау бойынша мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізуде. Ол үшін әртүрлі діни конфессиялардың өкілдері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы диалогты жандандыру және нығайту бойынша нақты шаралар жүзеге асырылуда», деп атап өтті.

Сондай-ақ, жиналыс барысында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептердің кешенін түсіндіріп, діни көшбасшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын тиімді пайдалану бойынша бірқатар ұсынымдар енгізді.

 

03.05.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер