Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Араб әйел алғаш рет ғарышқа ұшады

Ғарышқа сапар шеккен алғашқы араб әйелі Сауд Арабиясының астронавты Райан Барнауи болады. Ол жерлесі Али Аль Карнимен бірге 21 мамырда Халықаралық ғарыш станциясына барады, деп хабарлайды Arabian Business.

Сауд Арабиясы Корольдігі ХҒС-та бір уақытта екі ғарышкерді ұшырған бірнеше елдің қатарына кіреді. Бұл тарихи ұшу өткен жылы 22 қыркүйекте ұшырылған ғарышты зерттеу бағдарламасының бөлігі болып табылады.

Миссия аясында ғарышкерлер микрогравитацияда 14 инновациялық ғылыми эксперимент, сондай-ақ Сауд Арабиясының 12 мың студентімен тікелей эфирде үш білім беру экспериментін өткізеді.

Дереккөз: Kazislam.kz порталы

22.05.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер