Татарстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Халал стандарты комитеті ProHalal мобильді қосымшасын жасады. Ол мұсылмандарға Қазан қаласындағы халал дәмханалар мен мейрамханаларды көрсетеді және қандай да бір азық-түлік өнімінің жеуге жарамды екендігін анықтайды.
Қосымшаны қазір ОС Android орнатылған смартфондардан көшіріп алуға болады, жуық арада Google Play және RuStore-де пайда болмақ. Ал iPhone-ға арналған нұсқасы жасалу үстінде.
Қазіргі күні қосымша тесттік режимде жұмыс істеп тұр. Қолданушылар оны барынша ыңғайлы ету үшін өз пікірлері мен ұсыныстарын жолдай алады.
Дереккөз: Kazislam.kz порталы