Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Мысырда Сұлтан Бейбарыс мешіті ашылды

Мысырда Сұлтан Бейбарыс мешітінің ашылу рәсімі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мысырда Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шара даңқты билеушінің 800 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты жиын барысында Палата Спикерімен бірге Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайеб, дін өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан мен Мысырдың мемлекет және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.

Қазақстандық делегация құрамында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де болды.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Бейбарыс сұлтанның есімі жаһан тарихына дана әрі әділ билеуші, ұлы қолбасшы ретінде алтын әріппен жазылғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Бейбарыстың 800 жылдығы қазақ халқы мен мысырлықтар үшін мәні терең, маңызы зор оқиға екенін тілге тиек етті.
 

Дереккөз: Kazislam.kz порталы

 

05.06.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер