Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматы қаласында отбасылық спартакиада өтті

Алматы қаласында әртүрлі конфессиялардың діндар жамағаты арасында отбасылық спартакиада өтті.

2023 жылғы 10 маусым күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауы аясында «Social Development Center» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ғұндар этноауылы» демалыс базасында қаланың әртүрлі діни бірлестіктерінің жамағатынан құралған 8 отбасы арасында спартакиада өтті.

Ислам діні, елуіншілер, мормондар, буддистер және баптисттер секілді діни конфессиялардың өкілдері қатысқан спартакиаданың басты мақсаты конфессияаралық диалог, толеранттылық пен гуманизм қағидаттарын насихаттау екенін атап өткен жөн.

Арқан тарту, доп лақтыру, садақ ату және қаппен жүгіру секілді тартысты сайыстардың нәтижесі бойынша бірінші орынды евангелиялық баптист христиандардың өкілдері жеңіп алса, елуіншілер мен вон буддистер шіркеулерінің өкілдері екінші және үшінші орындарды иеленді.

Спорттық іс-шаралардан басқа, спартакиадаға қатысушылар үшін мәдени, танымдық және ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды.

13.06.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер