2026 жылы өтетін Париждің Лувр музейіндегі қазақ өнерінің көрмесі аясында келушілердің назарына «Алтын адам» тарихи жәдігері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғажайып жәдігерді халықаралық деңгейде ұлттық брендке айналдыру мақсатында бұған дейін «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы әлемнің 12 мемлекетінде жүзеге асырылған.
Ұлттық музейдің хабарламасында: «2026 жылы Франциядағы Лувр музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесін ұйымдастыру аясында «Алтын адам» мен музейдегі тарихи құндылығы бар заттар жәдігерлерді іріктеу комиссиясына ұсынылады», делінген.
Дереккөз: Kazislam.kz порталы