Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

2-тоқсанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді

2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 "Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне" сәйкес, 2023 жылдың 2-тоқсанында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Атап айтқанда:

- "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызметі бойынша 7 қызмет, оның ішінде қағаз түрінде 6 қызмет, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде 1 қызмет. Сонымен қатар, құжаттардың толық болмауына байланысты 1 мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды.

- "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызметі бойынша 4 қызмет мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде көрсетілді.

05.07.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер