Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Кувейт пен Ливан “Барби” комедиясына тыйым салды

Кувейтте “Барби” комедиясына ішінде дәстүрлі құндылықтарға қайшы жерлері болғандықтан көрсетуге тыйым салынды. Бұл туралы елдің Ақпарат және мәдениет министрлігі хабарлады.

Министрдің орынбасары Лафа ас-Субейдің айтуынша, тыйым салмастан бұрын билік комедия ішіндегі анайы көріністерді алып тастауды сұраған. Бірақ бұл талап орындалмай, фильм ел ішінде мүлдем көрсетілмейтін болды. Субейдің сөзінше, адамгершілік пен ар-ұят нормаларына қайшы келетін кез келген фильмге елде тыйым салынады.

Айта кетсек, бұған дейін Ливанда да “Барби” комедиясына тыйым салынған болатын.

Дереккөз: Kazislam.kz порталы

11.08.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер