Англияның Сток-он-Трент қаласындағы қараусыз қалған шіркеу ғимаратына жергілікті мұсылмандар жөндеу жұмыстарын бастады. Жуық арада ол мешітке айналдырылмақ.
Иоанна шіркеуінің қаңырап қалғанына біраз уақыт болған. Өйткені келуші адамдар жоқ. Күтушісі болмаған ғимараттың сиқы бұзылып, көне тарта бастаған еді. Дегенмен, “Дур-ул-Фалақ” атты мұсылмандар ұйымы оны 140 000 фунт стерлингке сатып алып, жөндеуді бастап кетті.
Ұйымның вице-президенті Сайяд Хашемидің айтуынша, құлшылық үйі қайта ашылғаннан кейін мұнда тек мұсылмандар емес, христиандар да келіп Құдайға сыйына алады.
Дереккөз: Kazislam.kz порталы