Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 1 қыркүйек күні "Әбу-Бәкір" мешітінің жамағаты арасында «Мақал-сөздің азығы» тақырыбына викторина өтті.
Викторина барысында мешіт жамағатына қазақ халқының мақал-мәтелдеріне қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге тарихшы Руслан Сейтқазиев арнайы сыйлықтар табыстады.
Өз кезегінде, викторинаның басты мақсаты мешіт жамағаттары арасында қазақ халқы терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен жеткізгенін түсіндіру.