Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Терроризмді насихаттаған шымкенттік сотталды

Сот терроризмді насихаттап, діни араздықты қоздыру ісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынын жеті жылға соттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің 21 қыркүйек күні мәлімдеуінше, ведомство терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді”, – делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.
 

 Kazislam.kz порталы

22.09.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер