Біріккен Араб Әмірлігінде әлем бойынша алғашқы «қалқымалы» мешіт ашылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Siasat ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Туристер астанасына айналған Дубай қаласындағы су арнасында тұрғызылатын мешіт құрылысына ел бюджетінен 55 млн дирхам бөлінген. Бұл арада үш қабатты ғибадат ғимараты турасында сөз болып отыр, жартысы су астында, ал қалған бөлігі су бетінде болатын мешіттің суасты бөлігінде демалыс аймағы, құлшықы ету орны орналасады. «Мешіт жермен байланысады. Біз дизайнды аяқтап жатырмыз және келесі жылы ол жамағатқа есігін ашады», – деп түсіндірді Дубайдағы Ислам істері департаментінің маманы Ахмет әл-Мансұр. «Қалқымалы» мешітке мұсылман еместер де кіріп, тамашалай алады. Тек бір шартпен: қарапайым киініп келуі керек.
Дереккөз: Kazislam.kz порталы