Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Кеңес беру және оңалту орталығының» 2023 жылдың тамыз айында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының  жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың тамыз айында психолог және теолог маманның қатысуымен діни экстремистік ағымдардың ықпалына ұшыраған 215  адаммен (161 ер және
54 әйел )
кездесу ұйымдастырылды. 

Сұхбаттар барысында еліміздегі зайырлы қоғамның құндылықтары, дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабының тарихи рөлі жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6  түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатқан 16 азаматпен жеке кездесулер өткізілді.

10.09.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер