Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

БҚО тұрғыны террористік үгіт-насихат материалдарын таратқан

2023 жылғы 27 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.

Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдікке алынды.

Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.

Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдер тәркіленді.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Kazislam.kz порталы

28.09.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер