Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен террористік идеяларды, оның ішінде интернет арқылы насихаттады деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның тұрғылықты жерінде тінту кезінде діни әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.
“ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Ведомствода атап өткендей, ұсталған азамат бұрын қарапайым қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстанда діни радикалды ұстаған еді.
Дереккөз: Kazislam.kz порталы