Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Әзірбайжанда халал дәрі-дәрмекке қойылатын мемлекеттік талаптар өзгерді

Әзірбайжанның экономика министрлігіне қарасты монополияға қарсы және тұтыну нарығын бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметке бағынышты стандарттау институты «Халал дәрі-дәрмек – І тармақ – Жалпы талап» AZS OIC/SMIIC 50-1:2023 мемлекеттік стандартын қабылдады.

Бұл жайында islam.kz порталы trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш институтта бұл стандарт шариғатқа сай әзірленетін халал дәрі-дәрмек өндірісі мен тасымалына қойылатын негізгі талаптарды айқындайды. Стандарт дәрі-дәрмектің залал мәртебесінің сақталуын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың дәрілік өнімдерге сенімін қалыптастырады. Мемлекеттік стандартқа Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрлігінің талдау сараптамасы орталығы келісімін берді.

Дереккөз: Kazislam.kz порталы

08.11.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер