Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Бүгінгі таңда оның құрамына жалпы халқы шамамен бір жарым миллиард адам және 37 мемлекет кіреді. Біздің елдеріміз осы үлкен нарықта сертификатталған халал өнімдерінің экспортын бірлесіп ілгерілете алар еді. Біз ресейлік бизнесті осы бағытта тығыз ынтымақтастыққа шақырамыз, – деді Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін таңертең Ресей басшысы Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ақордада қарсы алды. Екі ел президенттері Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысып жатыр.
Kazislam.kz порталы