Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың қазан айында психолог және теолог маманның қатысуымен 205 адаммен (81 ер және 124 әйел ) кездесу жүргізілді.
Сұхбаттар барысында еліміздегі зайырлы қоғамның құндылықтары, дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабының тарихи рөлі жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатқан 16 азаматпен жеке кездесулер өткізілді.