Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» 2023 жылдың қараша айында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының  жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың қараша айында психолог және теолог маманның қатысуымен
93  адаммен (79  ер және 14  әйел ) кездесу жүргізілді. 

Сұхбаттар барысында еліміздегі зайырлы қоғамның құндылықтары, дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабының тарихи рөлі жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6  түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатқан 106 азаматпен жеке кездесулер өткізілді.

11.12.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер