Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Қырғыз кимешегі ЮНЕСКО мәдени мұраларының тізіміне енді

Қырғыз әйелдері киген элечек бас киімі ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеген. Kazinform бұл туралы 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шешім 4-9 желтоқсан аралығында Ботсвананың Касан қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларды қорғау үкіметаралық комитетінің 18-ші сессиясында бірауыздан қабылданды.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров ЮНЕСКО президенті Одрэ Азулемен 10 қарашада Париждегі кездесу кезінде әйелдердің дәстүрлі элечек бас киімі қырғыз халқы үшін өте бағалы екенін атап өтіп, адамзаттың материалдық емес мұралар репрезентативті тізіміне енгізу бастамасын қолдайды деп үміттенетінін жеткізген болатын.

Қазіргі күні ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізімінде әлемнің 705 мәдени мұрасы бар.

Оның 15-і Қырғызстанға тиесілі.

Дереккөз: Kazislam.kz 

06.12.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер