Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

ҰҚК елімізде екі террорлық әрекеттің алдын алған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті былтыр елімізде екі террорлық әрекеттің және шетелдің арнаулы қызметтерімен бірге өзге мемлекеттердің аумағында үш лаңкестік акцияның алдын алды. Бұл туралы Президент қабылдауында болған комитет төрағасы Ермек Сағымбаев айтты.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұйымдасқан 15 қылмыстық топ қызметінің жолы кесілген. Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша 36 зертхана жойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық бөлімшелері мемлекеттік органдардың ресурстарына және елдің маңызды стратегиялық инфрақұрылым нысандарына жасалған 86 миллион кибершабуыл тойтарған.

 

https://qazaqstan.tv/news/188504/

05.02.2024

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер