Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Діни ағым өкілі үйін есірткі зертханасына айналдырған

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, есірткі заттарын сатып келген 2 күдіктіні анықтады. Кентау қаласында тұратын бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі зертханасы мен притон тапты. Сонымен қатар, құрамында апиын бар 10 мл 2 құты, пакеттегі марихуана, есірткі дайындауға арналған заттар мен шолақ мылтық тәркіледі. Екінші күдіктінің мекен-жайынан радикалды мазмұндағы діни кітап табылды. Күдіктілер Кентау мен Түркістан қаласының тұрғындары, олардың бірі деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұр. Екеуі де бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынып, барлық мән-жай анықталуда.

 Діни ағым өкілі үйін есірткі зертханасына айналдырған | Қазақстандағы Ислам

26.02.2024

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер