Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Хуситтер АҚШ танкеріне шабуыл жасады

Йемендік хуситтер АҚШ-қа тиесілі екенін анықтаған Қызыл теңіздегі сұйытылған мұнай газы бар Mado танкеріне шабуыл жасады. Бұл туралы қозғалыстың әскери өкілі Яхья Сария мәлімдеді, деп жазады ТАСС агенттігі. «Йемен әскери-теңіз күштері Қызыл теңіздегі американдық Mado кемесін нысанаға алды және бірнеше кемеге қарсы зымырандармен атқылау операциясын жасады», – деді Сария хуситтерге тиесілі Al Masirah телеарнасында. Қозғалыс өкілі сондай-ақ хуситтердің Израильдің оңтүстігінде орналасқан Эйлат қаласына қанатты зымырандармен шабуыл жасағанын айтты. Израиль қорғаныс күштері бұған дейін хабарлағандай, дүйсенбі күні Эйлаттың солтүстігіндегі адам тұрмайтын аймаққа «күдікті әуе нысаны» құлаған. Газа секторындағы қақтығыстың шиеленісуінен кейін хуситтер Израильді атқылайтынын және Палестина анклавындағы операция тоқтатылғанға дейін онымен байланысты кемелердің Қызыл теңіз мен Баб-эль-Мандеб бұғазының сулары арқылы өтуіне рұқсат бермейтінін ескертті. 2023 жылдың қарашасынан бері хуситтер Қызыл теңіз бен Аден шығанағында ондаған азаматтық кемелерге шабуыл жасады. 14 наурызда қозғалыс жетекшісі Абдель Малек әл-Хуси оның жақтастары Үнді мұхиты арқылы жүзетін Израильмен байланысты кемелерге шабуыл жасауға ниетті екенін айтты.

Хуситтер АҚШ танкеріне шабуыл жасады |Қазақстандағы Ислам

26.03.2024

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер