Байқауды Алматы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша "JASTAR" дамыту орталығы" жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып жатыр. Өтініш қабылдау бүгін, 10 сәуірде басталып, 1 қазанға дейін жалғасады. Дайын материалдарды қазылар алқасы 20 қазанға дейін қарайды. Айта кетері, 10 номинация бойынша барлық материал
белгіленген жерде талапқа сай жариялануы керек және бекітілген нысаны бойынша almaty.baiqau.2024@mail.ru ресми поштасына жіберілуі қажет. Жұмыстар онлайн режимде қабылданады.
Байқау номинациялары:
Сонымен қатар қатысушыларға 50 мың теңгеден 5 ынталандыру сертификаты табысталады. Осы 10 номинация бойынша жалпы жүлде қоры – 3 050 000 теңге. Байқауға Алматының барлық 16 жастан асқан тұрғыны қатыса алады.
Мақалалар интернет ресурста жариялануы керек. Ал басқалары әлеуметтік желіде жарияланып, Алматы Дін істері басқармасының парақшасы белгіленуі керек. Үздік өлең номинациясына қатысушылар шығарған шумақтарын оқып, видео түсіріп, өзінің парақшасына жариялап, басқарманың аккаунтын белгілеуге міндетті.
Сонымен қатар үздік пікір номинациясы бойынша пікір Алматы Дін істері басқармасының Instagram парақшасындағы биылғы кез келген постына жазылуы керек. Пікір көлемі – 100 сөйлем.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, биыл материалдар мына тақырыптар аясында қабылданады: ағартушылық, толеранттық, конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр және дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның қаупі және діни экстремизм. Барлық дайындалған материалдар діни экстремизм идеологиясының зияны туралы хабардар етуге, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі және рухани құндылықтарын түсіндіруге бағытталуы керек.
"Бейнероликтер және басқа да материалдар қоғамдағы діни экстремизмнің алдын алу мақсатында дайындалуы керек. Теріс діни ағымды ұстанатын азаматтардың қоғамға әсері, олардың дәстүрді қалай жоққа шығаратыны және біздің қоғам үшін қаншалықты зиян екені туралы болуы керек. Талаптар барлық тұрғын орындай алатындай етіп құрастырылған. Пікір, мақала жазыңыз, пост жариялаңыз, видео түсіріңіз. Негізгі мақсатымыз – қоғамда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қатысушыларды ынталандыру, осы бағыттағы материалдардың кең таралуын, халыққа жетуін қамтамасыз ету. Шамамен 500 адам қатысады десек, осынша қатысушының дайындаған дүниесін бәрі көреді, оқиды. Көрген адамдарға осы ақпарат әсер етеді, осылайша қоғамда иммунитет қалыптасады", – деді Алматы Дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Бақдәулет Әбдіхамитов.
Бөлім басшысының айтуынша, тағы бір ескеретін жайт: мақалалар мен контенттер дәл осы байқауға арналып, 10 сәуір мен 1 қазан аралығында жариялануы керек. Сонымен қатар жарияланымда "Мақала Алматы Дін істері басқармасының байқауы аясында жасалды" деп көрсетілуі керек.
"Ереже мен тақырыпқа сай дүниелер жасалса, басқа тақырыптарға ауысып кетпей, нақты мақсатқа сай орындалса, сіздің ұтуға деген мүмкіндігіңіз жоғарылайды. Жүлде қоры үлкен. Егер қатысушы жасаған дүниесін поштаға жіберіп, бірақ желіге жарияламаса немесе керісінше болса, байқауға қатыспайды. Осыны ескеріңіздер. Көбіне біз қатысушыларға хабарласып, түзеу қажет дүниелерді айтамыз. Егер сонда да түзелмесе, байқау ережесіне сай оны қабылдай алмаймыз", – деді "JASTAR дамыту орталығы" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қаныбек Мұратбаев.
Байқау ережелерін Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың ресми пақаршасынан немесе басқарманың Instagram-дағы @din_almaty парақшасынан оқуға болады.