 
                                Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының  жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылдың наурыз айында психолог және теолог маманның қатысуымен экстремистік діни ағымның ықпалында жүрген  87  адаммен (45 ер және
42 әйел ) кездесу жүргізілді. 
Сұхбаттар барысында еліміздегі зайырлы қоғамның құндылықтары, дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабының тарихи рөлі жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатқан 39 азаматпен жеке кездесулер өткізілді.
 
                 
                 
                 
                