Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Астана: Сегіз адам терроризм бабы бойынша сотталды

Сот үкімімен елорданың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Қала прокуратурасының мәліметінше, террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.

БҰЛ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ СИРИЯДАҒЫ СОҒЫС ҚИМЫЛДАРЫН ЖҮРГІЗЕТІН ТЕРРОРИСТІК ҰЙЫМДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН. МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫМЕН СОТТАЛУШЫЛАРДЫҢ КІНӘСІ ДӘЛЕЛДЕНДІ. АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ ИСЛАМДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИДЕЯЛАРДЫ НАСИХАТТАЙТЫН ИНТЕРНЕТ-САЙТТАР МЕН ОРЫНДАРҒА БАРУДАН САҚТАНУҒА ШАҚЫРАДЫ”, ДЕЛІНГЕН ХАБАРЛАМАДА.

Үкім заңды күшіне енді.

Дереккөз Kazislam.kz порталы

20.05.2024

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер