Ақмола облысының Сандықтау ауданында көне артефакт табылды.
Тарихи олжаны «Орман» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Сандықтау аудандық ТЖБ қызметкерлері Нұрсұлтан Әшкенов пен Ахмет Зарипов Балкашино ауылы маңындағы орман ішінен байқаған.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, артефакт-тасқа қашалған адамның беті. Бұл туралы өрт сөндірушілер Ақмола облысы ТЖД және Ақмола облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» мамандарына хабарлап айтқан.
Ғалымдардың пікірінше, әзірге тасқа қашалған адам бейнесіндегі ежелгі мүсіннің қай дәуірге жататынын айту мүмкін емес. Осыған ұқсас ескерткіштер, қола және ерте темір дәуірлері, сондай-ақ, орта ғасырлардағы түркі кезеңінде табылған.
Kazislam.kz порталы