Жуырда ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың бірін терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды.
Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.