Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Оқу-ағарту министрі мектеп формасы тақырыбын тағы да қозғады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың стилі мен мектептің ішкі ережелері жөнінде өз пікірін айтты.

«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» республикалық тамыз саммитінде министрге «Шашы боялған оқушылар мектепке кіре ала ма?» деген сұрақ қойылды.

«Биылдан бастап министрліктің қойып отырған талабы – мектептің ішкі ережесін сақтау. Мектеп бірінші кезекте өзінің негізгі миссиясынан ауытқымауы керек, бұл сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мектептің ішкі тәртібінде балалардың үлгерімінің жоғары болуы, тәртіпті сақтауы және мектеп формасын қатаң ұстануы – бекерден-бекер жасалған дүние емес. Бұл жастарымыздың әлем жастарынан кем болмауына түркі болатын жағдаяттар. Сондықтан біздің ата-аналар да, оқушылар да мектепке келгенде мықты білімді азамат болып шығуды, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуды мақсат етуі керек. Бұл мәселеде мектептің ішкі тәртібіне бағыну керек, яғни болмайды, тәртіпті сақтауымыз керек», – деді Оқу-ағарту министрі.

 

26.08.2024

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер